Біріккен Араб Әмірліктері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Біріккен Араб Әмірліктері (араб.: الإمارات العربية المتحدة [әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида], ағылш. United Arab Emirates), аббр. БАӘ — солтүстік-шығыстағы Арабия түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Катармен, Сауд Арабиясымен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады. БАӘ-бұл жеті Араб мемлекетінің немесе әмірліктердің федерациясы, олардың ең әйгілелері Дубай және АбуДаби. Әмірлік - әмір немесе ханзада басқаратын аймақ. Тұрғындарының 96 пайызға жуығы мұсылмандар.1900 жылдың орта шеніне дейін арабтардың көпшілігі інжу тастарды алып- сату немесе түйе өсірумен күнелткен. 1950 жылдары ол жерден мұнай табылды.Сөйтіп, БАӘ 1970 жылдарға қарай әлемдегі экономикасы бай елдердің біріне айналды.
Біріккен Араб Әмірліктері араб.: الإمارات العربية المتحدة әл-Имарат әл-Арабия әл-Муттахида | |||||
| |||||
Ұран: «Алла, Ұлт, Президент.» | |||||
Әнұран: «Ishy Bilady» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 2 желтоқсан 1971 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Араб тілі | ||||
Елорда | Абу-Даби | ||||
Ірі қаласы | Дубай | ||||
Үкімет түрі | федеративті абсолюттік монархия | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Халифа ибн Зайд әл-Нахайян Мұхаммед әл-Мактум | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 114-ші орын 83 600 км² 0 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2005) • Тығыздығы |
9 599 353[1] адам (92-ші) 4 106 427 адам 99 адам/км² (110-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
732,861 млрд.[2] $ (32-ші) 70,262[2] $ (7-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
432,612 млрд.[2] $ 41,476[2] $ (19-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,863[3] (өте жоғары) (34-ші) | ||||
Валютасы | БАӘ дирхамы | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ae | ||||
ISO коды | AE | ||||
ХОК коды | UAE | ||||
Телефон коды | +971 | ||||
Уақыт белдеулері | +4 |