Берлин қабырғасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Германияны екіге бөлген «Берлин қабырғасының» ұзындығы 155 шақырымды құрады, оның 43,1 шақырымы Берлинді екіге бөлді. Қабырға кірпіштен, кейін бетоннан тұрғызылды. Онда 293 төбеден қарауылдайтын бекет, 57 бункер, ені 10 метр болатын «өлім линиясы», патрульдік бақылау, 100 метрлік ешкім жүрмейтін, рұқсат етілмейтін аймақ болды. «Берлин қабырғасы» «өмір сүрген» 28 жылға уақыттың ішінде қамал арқылы қашқан 70 адам атып өлтірілді, жүзден астам азамат жарақат алды, 3 мың адам ұсталды. Оның ішіндегі ең күрделісі 1964 жылдың қазанында жүзеге асты. Қабырғаның астынан ұзындығы 145 метрлік үңгір қазып, 57 неміс арғы беттегі қандастарына қашып кетті.
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2024-01-18, 11:25 кезінде (3 ай бұрын) 1nter pares (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (желтоқсан 2017) |
1961 жылы 13 тамызда Берлин қабырғасын салу басталды. Қабырғаны салудағы мақсат – ГДР-нан Батыс Берлинге кететін қашқындар санының жылдан жылға артуын тоқтату еді. Айта кету керек, қабырға салынбас бұрын батысқа қашқандар саны екі миллионға жеткен. Осыған байланысты Батыс елдері қарсылық танытқан, ГДР мен ГФР-да шеру өтті. Алайда, бұл еш нәтиже бермеді. Берлиннің қақ ортасында бетоннан құйылған бес метрлік қабырға бой көтерді. Қабырғаның жоғары жағына тікенек сым тартылып, қарауылы бар мұнара орнатылды. Қаланы екіге бөліп тұрған қабырғаның ұзындығы 45 шақырымды құрады. 1989 жылдың 9 қарашасында ГДР-да коммунистік режим құлағаннан кейін, Берлин қабырғасы бұзылды. Бүгінде Берлин қабырғасының музейі бар.