Биологиялық белсенді қоспалар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) — қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан. Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130-200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда XIX соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.
Құрылымы мен қасиеттері белгілі таза химиялық қосылыстарды алуда органикалық химияның шексіз мүмкіндіктері, олардың тиімділігінің жоғарылығы мен дәл мөлшерлеу мүмкіншілігі, әрекет етуінің тездігі сияқғы дәлелдемелер дәстүрлі медицина облысына жағымды болжамдарды қарастыруға мүмкіндік береді. Дегенмен мұндай көзқарастар қателік болып саналады. ББҚ-ды тағам өнеркәсібінде қолдану. Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология облысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым - фармаконтуциология қалыптасты.