Біртектілік және әртектілік
From Wikipedia, the free encyclopedia
Біртектілік және әртектілік (ағылш. Homogeneity and heterogeneity, кейде Гомогенділік және гетерогенділік) — ғылым және статистика салаларында көбірек қолданылатын, негізінен заттың, немесе организмнің біркелкілігін (uniformity) сипаттайтын ұғымдар. Бір материал, немесе кескінді біртекті деп оның композициясы, немесе қасиетінің (яғни реңі, пішіні, көлемі, салмағы, биіктігі, таралуы, құрылымы, тілі, кірісі, кемшілігі, температурасы, радиоактивтілігі, архитектуралық дизайны, және тб.) біркелкілігін айтамыз; ал әртекті деп осы қасиеттердің кем дегенде бір, не бірнешеуінің анық біркелкі болмауын айтамыз.[1][2] Ұғымдар күрделіліктің барлық деңгейіне бірдей. Атомдардан бастап галактикаларға дейін өсімдіктер, жануарлар, адамдар және басқа тірі организмдердің барлығының ортақ немесе бірегей күрделілік жиынтығы бар. Демек, элемент кішірек масштабта гетерогенді болуымен салыстырғанда үлкенірек масштабта біртекті болуы мүмкін. Бұл тиімді орта жуықтауы ретінде белгілі.[3][4]