Вакуум сорғысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Вакуум сорғысы — вакуум жасау, оны жоғарылату және сақтау үшін қолданылатын құрылғы. Ол тұйық көлем (жүйе) ішінен газды немесе буды сорып шығару үшін қолданылады.[1]
Өндірісте вакуум сорғысының су білезікті (ВВН), консоль (КВН), поршеньді, ротациялы, ағыншалық сорғы, жоғары вакуум алу үшін молекулалық және сынапты диффузиялық түрлері тараған. Мысалы, су білезікті вакуум сорғысының ПӘК-і 20—30 пайыздан аспағанымен, қажетті мезгілде аз уақытта ғана жұмыс істейтіндіктен жеткілікті болып саналады.[2]
Вакуум сорғылардың ең көп өнімділігі минутына 25—150 м3. Жылжымалы станцияларда өнімділігі 4,2 м3/с және 11,5 м3/с вакуум сорғылары қолданылады.[3]