Везувиан
From Wikipedia, the free encyclopedia
Везувиан , идокраз – силикаттар класының минералы. Хим. формуласы Са3Аl2[SіО4]2(ОН)4. Алғаш рет табылған орнымен (Везувий аралы) аталған. Тетрагональдық сингонияда кристалданып, призма, кейде пирамида пішінді кристалдар түзеді.[1] Агрегаттары тұтас, шоқ-сәулелі немесе талшық масса түрінде кездеседі. Түсі сары, сұр, жасыл, қоңыр, кейде қара, көгілдір (циприн), қызыл немесе қызғылт (марганецті везувиан), қанық жасыл (хромвезувиан), мөлдір немесе шала мөлдір, шыныдай жылтыр. Қатт. 6,5 – 7,0; сынғыш, менш. салм. 3,44 г/см3. Түзілуі – жапсарлы-метасоматиттік, метаморфтық. Зергерлік бұйымдар жасау үшін қолданылады.[2]