Виктор Амазаспович Амбарцумян
From Wikipedia, the free encyclopedia
Виктор Амазаспович Амбарцумян (арм. Վիկտոր Համբարձումյան) ( 18.09.1908, Тифлис — 12.08.1996, Бюракан) — көрнекті армян совет астрофизигі, теориялық астрофизикалық мектептің негізін салушысы.
Тұмандықтар мен жұлдыздар физикасы, жұлдыздық астрономия мен жұлдыздар жүйесінің динамикасы, галактикалар мен жұлдыздар космогониясы салаларын зерттеуші астрофизигі, КСРО-дегі теориялық астрофизикалық мектептің негізін салушысы, КСРО ғылым академиясының академигі (1953ж.) және Армян КСР ғылым академиясының президенті, Ереван университетінің профессоры (1947 ж.). Виктор Амазаспович Амбарцумян - Армян КСР ғылым академиясының Бюрокан астрофизикалық обсерваториясының негізін қалаушы (1946 ж.) және директоры. льллллллюорпра№юмХалықаралық астрономиялық одағының вице-президенті (1948-55 ж.) және президенті (1961-64)болды. Көптеген шетел академиялар мен ғылыми қоғамдардың мүшесі. 1968 жылдан Халықаралық ғылыми қоғамдар советінің президенті. 3-7 сайланған КСРО Жоғары Советінің депутаты. Сталин сыйлығының лауреаты (1946 ж., 1950 ж.) көптеген медалдар мен ордендермен марапатталған.