Георгий лентасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Георгий лентасы (орыс. Георгиевская лента) — ресейлік әскери символ, қара және қызғылт сары жолақтардан құралған лента. Ресей империясы, КСРО және Ресей Федерациясы әскери марапаттарында бейнеленеді.
XX ғасырдың басынан бастап бұл символ Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеу символы ретінде КСРО-да да, посткеңестік кеңістікте де қолданылатын, Жеңіс күні басты символдардың бірі болған. Алайда 2014 жылдан бері оны Украинадағы ресейшіл сепаратистер қолданатын болды және сол себептен Георгий лентасы жалпы посткеңестік кеңістікте даулы символға айналды.[1] Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін оның даулылығы одан әрі өсті, ол орыс ұлтшылдығы мен милитаризмімен байланысты болып кетті.[2] Қазақстанда 2017 жылдан бері Жеңіс күніне Георгий лентасының өзге, Қазақстан туының түстері бар дизайны қолданылады.[3][4]