Гидросфера
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар
Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ
Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5%
Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр.
Су айналымы 2-ге бөлінеді.
1.Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы.
2.Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері:
1.Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі.
2.Шығанақ - мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
3.Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны.
Теңіздер, аралдар, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады.
Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер
Ең терең теңіз-Филиппин
Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы.
Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км
Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км
Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады.
Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді.
Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус
Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит
Мұхит суының қату температурасы- -2 градус
Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле
Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері.
Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле
Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле
Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле
Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот
Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді.
Дыбыс бір секундта 1500м жетеді.
Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м
20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот
Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м
Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді:
1.Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар
Киттер қоректенеді-планктон
2.Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар
3.Бентос- (грекше)тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар.
Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер
Тіршілікке бай тереңдік-200метр
Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік.
Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).[2]