Гомалоцефал
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гомалоцефал. Бұл пахицефалозавр немесе сүйекбасты динозавр кейінгі Бор кезеңінде шамамен 80 - 70 миллион жыл бұрын Мезозой кезеңінің соңына таяу өмір сүрген. Динозаврдың басы сопақша сүйекке ұқсағандықтан, палеонтология ғылымында сүйекбасты деген атауға ие болған. Жануар қарсыластарымен айқасқан кезде бассүйегін пайдаланған екен. Оның миы кішкентай, есесіне, бадырайған екі көзі болған. Басы қан тамырларымен байланысып жатқан қуысты бүгілмейтін сүйектерден құралған.