Гректер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гректер (гр. Έλληνες — эллиндер[1][2], эллинес деп оқылады) — Үндіеуропа тілдер әулетінің грек тобына жататын ежелгі халық. Грекия мен Кипрдің негізгі халқы. Жалпы саны 20 млн-ға жуық, Грекияда 11 млн. адам тұрады. Сонымен қатар Түркия, БАӘ, Израильде 4 млн., АҚШ-та 3,5 млн., Аустралияда 1,8 млн. адам, Кипрде 750 000, Албания, Германия, Канада, Англияда шамамен 500 000, Украинада 250 000, Ресейде 100 000, ОАР 80 000, Бразилия, Чили әрқайсысы 50 000 адам.[3]