Дәрілік өсімдектермен емдеу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Қазақстанның оңтүстік шекарасын солтүстіктен бөліп, 1800 шақырымға созылып жатқан аймағын орманды даланың, жазықтардың, шөл және шөлейт жерлердің алып жатқаны, Республикамыздың батысында Каспий теңізінің, шығысында Алтай жоталарының, оңтүстігінде Тянь-Шанның биік шыңдарының орналасқаны мәлім. Қасиетті қазақтың осынау дарқан даласы мен орман, тоғайында 6 мыңнан астам өсімдік, 500 түрлі құс, 178 түрлі аң, 49 түрлі бауырмен жорғалаушылар, 12 түрлі қосмекенділер болса, өзендер мен көлдерде балықтың 107 түрі бар. Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер -оттегі бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім. Алайда, өсімдіктердің ішінде улылары да аз емес. Оны тұрғын халық білмесе, малдарын, өздерін уландырып алуы да мүмкін. Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған.