Егіздер (шоқжұлдыз)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Егіздер (лат. Gemіnі Астротаңбасы ♊) – Солтүстік аспан жарты шарындағы сары жолақты өңірдегі шоқжұлдыз. Оның көлемі 513.76 шаршы градус болып, бүкіл ашық аспан көлемінің 1.245% ұстайды. Ол аспандағы 88 шоқжұлдыз ішінде көлемі жағынан 30 орында тұрады.[1][2] Егізден зодиактік шоқжұлдыз есептеледі. Зодиакта ол Шаян мен Торпақ шоқжұлдыздары арасында орналасқан. Егіздердің ең жарық жұлдыздары – Поллукс пен Кастор болып[3][4], 1,2 және 1,6 көрінерлік жұлдыздық шамада жартылай жарқырап көрінеді. Әр жылы 5 қаңтардағы жарым түнде Поллукс Егіздердің орталығын кесіп өтеді. [5]
Егіздер | |
лат. Gemini (і. с. Geminorum) | |
Қысқартылуы |
Gem |
---|---|
Символы |
Егіздер |
Тура көтерілуі |
5h 53m бастап 8h 00m дейін |
Еңістігі |
+10° бастап +35° 30’ дейін |
Ауданы |
514 кв. градус |
Ендіктерде көрінуі |
+90° бастап −54° дейін |
Ең жарық жұлдыздары (көрінерлік жұлдыздық шама < 3m) | |
Метеор ағындары | |
| |
Көршілес шоқжұлдыздар | |
| |
Ортаққордағы санаты: Gemini (constellation) |
1781 жылы ағылшын астрономы Уильям Гершель мен қарындасы Каролина Һершел Егіздер H жұлдызы қасынан Уранды байқады.[6] 1930 жылы АҚШ астрономы Клайд Томбо Егіздер δ жұлдызы қасынан Плутонды байқады.Бірақ кейіннен 2006 жылы Плутон ергежейлі планета деп танылды.[7] АҚШ та арнайы Егіздер (Gemіnі) атымен аталатын астрономиялық жоба бар.
Егіздер шоқжұлдызының батысы Торпақ шоқжұлдызы болса, шығысы біршама күңгірт Раг шоқжұлдызы есептеледі. Арбакеш (Latınca:Auriga) шоқжұлдызы және өте күңгірт Мысық шоқжұлдызы оның сол жағына орналасқан. Сыңармүйіз шоқжұлдызы (Monoceros) мен Күшік шоқжұлдызы (Canis Minor) оң жағына орналасқан.