Еуропа мемлекеттерінің және тәуелді аймақтарының тізімі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Еуропа — Азиямен бірігіп жер аумағы бойынша ірі құрлық болып табылатын Еуразияны құрайтын, алты дүние бөліктерінің бірі. Еуропаның жер аумағы — 10 млн км², халқы — 730 млн адам.
Еуропа елдері төрт аймаққа бөлінеді: Батыс, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік. Кейбір географтар бесінші аймақты бөледі — Орталық Еуропа. Қырғи Қабақ Соғыс кезінде Батыс аймаққа капиталисттік, ал Шығысқа — социалисттік мемлекеттерді кіргізген.
Жалпы Еуропада 65 ел: олардың ішінде 50 тәуелсіз мемлекет, 9 тәуелді аймақ және 6 танылмаған республикалар енеді. 14 мемлекет аралдық, 19 — құрлық ішілік және 32-сі теңіздер мен мұхиттарға шығуға мүмкіндіктері бар ел.
Үш мемлекет — Қазақстан, Түркия және Ресей шекарасы көптеген деректер бойынша Еуропаға да Азияға да кіреді; сондай-ақ екі мемлекет (Әзірбайжан және Грузия) көптеген деректер бойынша, соның ішінде ресейлік[1][2] және батыстық[3], деректер бойынша Азия аумағына да Еуропа аумағына да енеді[4][5][6]\, сондай-ақ Закавказья және Кипрдың шекарасы Еуропамен тығыз байланыста.[7].
Сондай-ақ Еуропаға барлық Жерортатеңіздік мемлекеттер де кіреді.
27 мемлекет Еуроодақтың, 25 НАТО блогының мүшесі, ал Еуропа кеңесіне 47 мемлекет енеді.
Еуропа шекарасында дүние жүзіндегі ең алып мемлекет — Ресей, сондай-ақ ең кіші мемлекет (Ватикан) орналасқан.