Зевс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Зевс (көне грекше: Ζεύς)[1] — ежелгі грек мифологиясындағы жоғарғы әмірші құдай, барлық құдайлар мен адамдардың ең мәртебелі құдайы. Ол ежелгі рим мифологиясы бойынша Юпитер (латынша:Jupiter) деп аталған. Мифологиялық аңыз бойынша, Зевс алып Крон мен Реядан туған кенже бала. Оның әйелі – Гера. Әкесінің үстемдігін құлатып, бүкіл дүниенің жоғарғы билігін өз қолына алған. Алғашқыда Зевс аспан әлемінің әміршісі деп есептелсе, кейін гректер оған адамзат қоғамы тіршілігінің билігін де береді. Олимп тауы Зевстің жер-әлемге үстемдік жүргізетін тұрақты мекені. Грек аңыздары бойынша, Зевстен Аполлон, Афина, Артемида, Арейя, Афродита, Гермес, Гефест, Дионис, Персефона, т.б. құдайлар мен біраз батырлар (Геракл, Персей, т.б.) тараған.[2][3]