Исландиялықтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Исландиялықтар (өздерінің атауы – ислендингар) – ұлт, Исландияның байырғы халқы. Жалпы саны 457 мың, Исландияда 290 мыңнан астам адам (2006, бағалау). Олар сондай-ақ Канадада (75,1 мың адам - 2001, халық санағы), АҚШ-та (30,4 мың адам - 2000, халық санағы), Данияда (8,5 мың адам), Норвегияда (3,7 мың адам), Швецияда (3,5 мың адам) тұрады. Антропологиялық жағынан Исландиялықтар еуропалық нәсілдің атлант-балтық түріне жатады.[1]