Ит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ит (лат. Canis lupus familiaris) — үй жануары. Биологиялық жіктеу бойынша, ит - Сүтқоректілер класының Төбеттер тұқымдасының қасқырлар тегіне жататын жыртқыш.
Ит | ||||||||||
| ||||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен | ||||||||||
Патшалық | ||||||||||
Тип | ||||||||||
Кіші тип | ||||||||||
Инфратип | ||||||||||
Ұлы класс | ||||||||||
Класс | ||||||||||
Кіші класс | ||||||||||
Инфракласс | ||||||||||
Ұлы отряд |
Laurasiatheria | |||||||||
Отряд | ||||||||||
Кіші отряд | ||||||||||
Тұқымдас |
Төбеттер | |||||||||
Түр | ||||||||||
Кіші түр | ||||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||||
Canis lupus familiaris Linnaeus, 1758 | ||||||||||
Синонимдер | ||||||||||
| ||||||||||
| ||||||||||
|
Иттер шамамен б.з.б. 15 – 10 мың жыл бұрын қолға үйретілген деп есептеледі. Қазір дүние жүзінде иттердің 400 тұқымы белгілі. Қазіргі кезде Ит тұқымына қарай бірнеше топтарға бөлінеді: шпицетәрізділер бұған терьерлер мен доберман-пинчерлер жатады; тазы иттер мен овчаркалар; Азия, Америка, Австралия құрлығына тән иттер; Оңтүстік жарты шар иттері. Иттерді күнделікті тұрмыста пайдалануына қарай 3 топқа біріктіреді: аңшы иттер, күзет иті және үйде ұсталатын декоративті (сән үшін) иттер. Қолға үйретілген иттерде болатын әр түрлі жұқпалы аурулар (құтыру, саркоптоза, трихофития, т.б.) адамдарға жұғады. Сондықтан оларды үнемі ветеринарға көрсетіп, жыл сайын үйде ұсталатын иттерді құтыруға карсы, ал күшіктерді обаға қарсы ектіріп отыру қажет.[1]