Итжидек
From Wikipedia, the free encyclopedia
Итжидек (лат. Atropa belladonna) – алқалар тұқымдасына жататын көп жылдық жарық сүйгіш, шөптесін өсімдік.
Итжидек | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Atropa belladonna Карл Линней |
Негізінен, Британ аралдары мен Франция, Испания және Балкан түбегінің cолтүстік, сондай-ақ, Кіші Азия түбегінің ылғалды, борпылдақ топырақты жерлерінде, ал Қазақстанның таулы аудандарында кездеседі, Жамбыл, Түркістан облысында қолдан өсіріледі. Сабағы дара, тік сыртын қалың бездер жапқан. Биіктігі 0,6 – 2 м. Жапырағы үлкен. Жапырақ қойнауынан дара гүлдері жетіледі. Гүлінің жоғарғы бөлігі қоңыр күлгін, кейде сарғыш. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі қара, жидегі жылтыр, шиеге ұқсас. Итжидектің құрамында алколоидтар (атропин, гиоциамин, т.б.) және улы заттар болады. Жапырағы мен тамырынан экстракт пен тұндырма дайындайды. Итжидекті медицинада, ветеринарияда дәріге пайдаланады.[1][2]