Йемен
Арабия түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Йемен (араб.: اليمن), ресми атауы — Йемен Республикасы (араб.: الجمهوريّة اليمنية) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн. (1999). Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі. Мемлекеттік дін – ислам (шиит, суннит, исмаилит ағымдары қатар дамыған).
Йемен Республикасы الجمهوريّة اليمنية (Әль-Джумхурийя Әль-Йаманийя) | |||||
| |||||
Ұран: «ٱللَّهُ، ٱلْوَطَنُ، ٱلثَوْرَةُ، ٱلْوَحْدَةُ Аллаһ, әл-Уәтән, ат-Таурах, әл-Уахда “Аллаһ, Ел, Төңкеріс, Бірлік”» | |||||
Әнұран: «Біртұтас ел» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 1918 жыл (Солтүстік Йемен Осман империянан)
1967 жыл (Оңтүстік Йемен Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Сана, Аден, Сайун | ||||
Ірі қалалары | Сана, Аден, Ходейда, Таиз, Ибб | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президент Вице-президенті Премьер-министрі Йемен палатасы спикері |
Әбд-Раббу Мансұр Хади Әли Мохсен Салех әл-Ахмар Майын Абдул Мәлік Саид Яхия Әли әл-Раи | ||||
Мемлекеттік діні | Ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы |
Әлем бойынша 49-шы орын 527 968 км² | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2004) • Тығыздығы |
27 584 213 адам (48-ші) 19 685 000[1] адам 44,7 адам/км² (160-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
73,348 млрд.[2] $ (118-ші) 2,380[2] $ (161-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
28,524 млрд.[2] $ (103-ші) 925[2] $ (177-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▼ 0,452[3] (төмен) (178-ші) | ||||
Валютасы | йемен риалы (YER) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | YE | ||||
ХОК коды | YEM | ||||
Телефон коды | +967 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+3 |
Астанасы – Сана (1 млн.), Аден экономикалық астана болып есептеледі. 1991 жылы қабылданған конституциясы бойынша, мемлекет басшысы президент пен вице-президент 5 жыл сайын жалпыхалықтық сайлауда сайланады (1994 жылдан – А.А. Салех). Осы екі лауазымды басшы Президенттік кеңес құрады. Жоғары заң шығарушы органы – бір палаталы парламент (801 депутаты бар). Ел әкімшілік жағынан 16 провинцияға бөлінеді. Ұлттық мерекесі 22 мамыр – Ұлт күні, яғни Йемен халқының бірлігі күні. Ақша бірлігі – йемендік риал.