Калифорния
АҚШ штаты / From Wikipedia, the free encyclopedia
Калифорния штаты (ағылш. California) — АҚШ-та халкының саны жағынан бірінші, аумағы жағынан үшінші орын алады. Мұнда 34 млн адам тұрады, бұдан 21 жыл бұрын бұл цифр 11 млн-ға кем болатын. Штаттың тарихы Америка өзенінен алтын табылғаннан кейін осы ауданды түгел қамтыған "алтын безгегінен" басталады.
АҚШ штаты | |||||
Калифорния | |||||
| |||||
Штат ұраны |
«Эврика!» | ||||
Штат әні |
I Love You, California | ||||
Штат лақапаты |
«Алтын штат» | ||||
Сакраменто | |||||
Ең ірі қаласы |
Лос Анджелес | ||||
Ірі қалалары |
Сан Диего Сан Хосе Сан Франциско Фресно | ||||
Тұрғыны |
▲37 253 956 (2010 жыл) 1-ші орын (АҚШ б-ша) | ||||
- тығыздығы |
90,49 адам/км² | ||||
3-ші орын | |||||
- барлығы |
423 970 км² | ||||
- су беті |
20 037 км² (4,72 %) | ||||
- ендік |
32°30' с. е. бойынша 42° с. е., 400 км | ||||
- бойлық | 114°8' б. б. бойынша 124°24' б. б., 1 240 км |
||||
Теңіз деңгейінен биіктігі |
|||||
- максимал биіктігі | 4 421 м | ||||
- орташа биіктігі | 880 м | ||||
- минимал биіктігі |
-86 м | ||||
Губернаторы |
Джерри Браун | ||||
Вице-губернаторы |
Гевин Ньюсом | ||||
Заң шығару органы |
Калифорния легислатурасы | ||||
- жоғарғы палатасы | Калифорния сенаты | ||||
- төменгі палатасы | Калифорния заң шығару жиналысы | ||||
Сенат мүшелері |
Дайэнн Файнстайн Барбара Боксер | ||||
Уақыт белдеуі |
Тынық мұхит уақыты: GMT-8/-7 | ||||
Автомобиль коды |
CA | ||||
Ресми сайты: |
ca.gov | ||||
|
Қазіргі уақыттағы Калифорнияның орталығы — Голливуд, киноиндустриясы және ойын сауықтарымен әйгілі ғана емес, кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктерімен де даңқы шыққан. Калифорнияда дүние жүзіндегі жоғары технологиялар мен компьютерлер жасаудың ең ірі және ең табысты орталықтарының бірі — әйгілі Кремний жазығы (Силикон жазығы) орналасқан. Мұнда компьютерлер мен оларды бағдарламалық жағынан қамтамасыз ету құралдарын шығаратын жетекші кәсіпорындардың штаб-пәтерлері, зерттеу орталықтары орналасқан.
Силикон жазығында мыңдаған адам жұмыс істеп, жүздеген миллион доллар ақша табуда. Калифорнияда дәстүрлі саналатын авиағарыштық және кеме жасау қалаларының кәсіпорындары да жұмыс істейді. Алайда штаттың ең ірі қалалары — Сан Франциско мен Лос Анжелесте ауыр өнеркәсіп емес, керісінше электроника мен ойын сауық, туризм мен банк ісін қамтитын қызмет көрсету индустриясы жетекші салалар болып табылады. Сан-Франциско мен оның айналасындағы аумақта 7 млн-нан аса, ал АҚШ- тың батысындагы ең ірі метрополигендік аумақ болып табылатын Лос-Анджелесте 16 млн-нан аса адам тұрады. Жағажайдағы үлкен жазықта өсіп, дамыған бұл мегаполис қоршаған ортаны елеулі түрде ластайтын автожолдардың қуатты тармағымен біртұтас байланысқан. Лос Анжелестің оңтүстігіне қарай Лос-Анджелес — Лонг-Бинч порты орналасқан. Ол АҚШ-тың Тынық мұхиты жағалауындағы ең ірі сауда порты. Қазіргі уақытта тұтастай алғанда гүлденіп келе жатқан Калифорния штаты үшін халықтың өте тығыз қоныстануы мен урбандалуы аса маңызды проблемалар болып табылады.
Халқы - 36,553,215 (2007 est.)
Астанасы - Сакраменто