Камбоджа
From Wikipedia, the free encyclopedia
Камбоджа патшалығы (Үлгі:Lang-km, Preăh Réachéanachâkr Kâmpŭchea ) — Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Үндіқытай түбегінің оңтүстігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 181 мың км². Халқы 11,6 млн. адам (1998). Астанасы – Пномпень қаласы.
Камбоджа патшалығы Үлгі:Lang-km (Preăh Réachéanachâkr Kâmpŭchéa) | |||||
| |||||
Ұран: «Үлгі:Lang-km2» | |||||
Әнұран: «Ұлы корольдігі» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 9 қараша 1953 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Кхмер тілі | ||||
Елорда | Пномпень | ||||
Ірі қалалары | Пномпень, Такмау, Баттамбанг | ||||
Үкімет түрі | Бірпартиялы парламенттік монархия | ||||
Патша Премьер-министрі Ұлттық ассамблея төрағасы |
Нородом Сиамони Хун Сен Хенг Самрин | ||||
Мемлекеттік діні | буддизм | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 88-ші орын 181 035 км² 2,5 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
15 288 489[1] адам (72-ші) 86 адам/км² (96-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
70,242 млрд.[2] $ 4,322[2] $ | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
24,360 млрд.[2] $ 1,559[2] $ | ||||
АДИ (2017) | 0,582[3] (146-шы) | ||||
Валютасы | Камбоджа риелі | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .kh | ||||
ISO коды | KH | ||||
ХОК коды | CAM | ||||
Телефон коды | +855 | ||||
Уақыт белдеулері | +7 |
1993 жылы қабылданған конституциясы бойынша мемлекет басшысы патша (1993 жылдан – Н.Сианук). Заң шығарушы орган 4 жылға сайланатын парламент (Ұлттық ассамблея), ал үкімет билігі құрамын парламент бекітетін корольдік үкімет қолында (1998 жылдан Премьер-министр Хун Сен). Тұрғындарының 91%-ы кхмерлер, 4%-ы вьеттер, 3%-ы қытайлар.
Ресми тілі – кхмер тілі, француз тілі бірге қолданылады.
Халқының 95%-і будда дінін ұстанады, қалғандары – мұсылмандар мен христиандар. Ел 20 провинциядан тұрады. Ұлттық мейрамы 9 қараша – Тәуелсіздік күні (1953). Ақша бірлігі – риель.