Кемал Қылышдароғлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кемал Қылышдарұлы (түр. Kemal Kılıçdaroğlu, айтылуы — Кемаль Кылычдаролу, [ceˈmal kɯˌɫɯtʃ.daˈɾoːɫu] тыңдау; 17 желтоқсан 1948(19481217), Баллыджа, Тунджели, Түркия[3]) — түрік саяси және мемлекеттік қайраткері, экономист. Ол 2010-2023 жылдар аралығында Республика Халық партиясының (түрік.)қаз. (CHP) басшысы қызметін атқарған. Түркиядағы 14 мамыр күні өткен президент сайлауында біріккен оппозиция (түр. Ana Muhalefet) атынан өзінің кандидатурасын ұсынды.[4][5]
Өтініш, осы бөлімді толықтырыңыз. |
Кемал Қылышдарұлы түр. Kemal Kılıçdaroğlu | ||||
Қылышдарұлы 2024 жылы | ||||
Лауазымы | ||||
---|---|---|---|---|
| ||||
22 мамыр 2010 — 8 қараша 2023 | ||||
Ізашары | Теңіз Байқал | |||
Ізбасары | Өзгүр Өзел | |||
| ||||
18 қараша 2002 жылдан бастап | ||||
Президент | Ахмет Неджет Сезер Абдуллаһ Гүл Режеп Тайып Ердоған | |||
Премьер-Министр | Абдуллаһ Гүл Режеп Тайып Ердоған Ахмет Дәуітұлы Бинали Йылдырым | |||
Өмірбаяны | ||||
Дүниеге келуі | 17 желтоқсан 1948 (1948-12-17) (75 жас) Баллыджа, Тунжелі илі, Түркия[1] | |||
Туған кездегі есімі | Кемал Қарабулут түр. Kemal Karabulut[2] | |||
Балалары | Керем • Аслы • Зейнеп | |||
Қолтаңбасы | ||||
өңдеу |
Саясаттағы мансабына дейін Қылышдарұлы мемлекеттік қызметші болған және 1992–1996 және 1997–1999 жылдары Әлеуметтік сақтандыру мекемесінің бас директоры қызметін атқарған. Ол 2002 жылғы жалпы сайлауда Парламентке сайланды және РХП-ның парламенттік тобының жетекшісі болды. Қылышдарұлының саяси ұстанымы социал-демократия деп сипатталады.[6]