Кинотүсіруші аппарат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кинотүсіргіш аппарат, Кинотүсіргіш камера немесе Кинокамера — әуесқойлық мақсатта көрнекті, хроникалы, көркем және мультипликациялық фильмдерді түсіруге пайдаланылады. Ол шағын, жеңіл, конструкциясы қарапайым әрі ыңғайлы болып келеді. Бұлардың ішінде 8 мм-лік және 16 мм-лік кинопленкаларға түсіруге арналған әуесқойлық кинотүсіргіш аппараты көбірек тараған. 8 мм-лік кинопленканың 16 және 35 мм-лік кинопленкалардан артықшылығы бар: 35 мм-лік кинопленкада фильмнің бір бөлігі орташа ұзындығ 300 м, 16 мм-лік кинопленкада - 120 м, ал 8мм-лік пленкада 60 м-ге жетеді. 35 м-лік пленканың бір метріне 52 кадр, 16 мм-лікте 131 кадр, ал 8 мм-лік пленкаға 262 кадр сияды, 35 мм-лік пленкада түсірілген фильмнің бір бөлігінің массасы 16 мм-ліктен 5,5 есе, ал 8 мм-лік пленкамен салыстырғанда 22 есе салмақты болады. 8 мм-лік пленкаға түсірілген фильмнің негізгі кемшілігі кинокадрдың шағындығы болып табылады. Ол 16 мм-лік фильм кинокадры ауданынан 4 есе , 35 мм-ліктен 20 есе кіші болады. Сол себепті үлкен кинокадрда жақсы байқалатын детальдар, кіші кинокадрда байқалмауы мүмкін. Бұл әуесқойлық киноның мүмкіндігін шектеп, киноны қашан да жақыннан түсіруге мәжбүр етеді.