Климатология
меня завут / From Wikipedia, the free encyclopedia
Климатология (климат және logos — ілім) — климат және оның типтері, қалыптасуы, жер бетінде таралуы және уақыт бойынша өзгеруі туралы ғылым. География ғылымдары жүйесіне кіреді. Климат қалыптастырушы процестердің табиғаты геофизикалық болғандықтан, Климатология геофизикалық ғылым ретінде метеорологиямен тығыз байланысты. Климатология метеорологияның географилық бөлімі ретінде қарастырады. Көп жылдық метеорологиялық бақылау деректерін статистикалық өңдеуден алынған климат типтері және олардың Жер шарында таралуы туралы нақты материалдар климатографияның (климат және гр. grapho – жазамын, сипаттаймын) мазмұны болып табылады.