Континенттік климат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Континенттік климат — құрлықтың үлкен кеңістігінің атмосфераға тигізетін әсері басымырақ болатын, мұхит пен теңізден қашық орналасқан аймақтардың климаты. Бұл мына ерекшеліктермен анықталады: температураның тәуліктік, жылдық ауытқуының көп алшақтығымен, температураның бір күннен екінші күнге, жылдан жылға мезгілсіз өте күрт ауысуымен, берілген ендіктің жауын-шашын мөлшерінің азаюымен, жылдан жылға олардың күрт ауысуымен, желдің орташа жылдамдығының теңіздік климаты бар облыстардан баяулығымен; тынық күндердің жиі байқалуымен ерекшеленеді. Күн инсоляңиясы мен оның түндегі сәуле таратуы күшті болады, жазда түн салқын және ашық болады, күндіз ыстық болып, түске таман жел, түстен кейін нажағай ойнап қатты жаңбыр жауатын орасан зор қара будақ бұлттар пайда болады; қыста, керісінше, ашық күндер, немесе барлық аспанды бұлттар жауып тұратын күндер басым болады. Континенттік климат теңіздік климатқа қарама-қарсы.