Кіндікбау
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кіндікбау (funiculus umbilicalis; лат. funiculus — бау, umbilicalis - кіндік) — ұрық пен ұрықжолдасты (плацентаны) байланыстырып, жатырдағы ұрықтық дамуды қамтамасыз ететін мүше. Кіндікбаудың негізін ұрық организмінен вена қанын ұрықжолдасқа алып баратын екі кіндікбау қызылтамыры (артериясы) және артерия қанын ұрықжолдастан ұрық организміне алып келетін бір кіндікбау көктамыры (венасы) құрайды. Аталған қан тамырлары бір-бірімен кілегейлі ұлпа арқылы байланысып, сыртынан дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталады.[1]