Күміс
From Wikipedia, the free encyclopedia
Күміс (лат. Argentum; Ag) — элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы химиялық элемент, атомдық нөмірі 47, атомдық массасы 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Элементтердің периодтық жүйесінің І тобындағы хим. элемент, ат. н. 47, ат. м. 107,88. Табиғатта тұрақты екі изотопы бар: 107Ag және 109Ag. Негізгі минералдары: аргентит Ag2S, пираргирит Ag3SbS3, прустит Ag3AsS3, саф К., т.б. К. жұмсақ, созылғыш (1 г К-тен ұзындығы 1800 м сым тартуға болады), ақ түсті металл, тығызд. 10,5 г/см3, балқу t 961,9°С, қайнау t 2170°С, тотығу дәрежелері +1, +2, +3, сиректеу +4.
| |||||||||||||||
Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
күміс-ақ түсті жұмсақ металл
| |||||||||||||||
Атом қасиеті | |||||||||||||||
Атауы, символ, нөмірі |
күміс, 47 | ||||||||||||||
Топ типі | |||||||||||||||
Топ, период, блок |
11, 5, d | ||||||||||||||
Атомдық масса (молярлық масса) | |||||||||||||||
Электрондық конфигурация |
[Kr] 4d10 5s1 | ||||||||||||||
Қабықшалар бойынша электрондар |
2, 8, 18, 18, 1 | ||||||||||||||
Атом радиусы |
144 пм | ||||||||||||||
Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
Ковалентті радиус |
145±5 пм | ||||||||||||||
Ван-дер-Ваальс радиусы |
172 пм | ||||||||||||||
Ион радиусы |
(+2e) 89 (+1e) 126 пм | ||||||||||||||
Электртерістілігі |
1,93 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
Электродты потенциал |
+0,799 | ||||||||||||||
Тотығу дәрежелері |
−2, −1, +1, +2, +3 | ||||||||||||||
Иондалу энергиясы |
1-ші: 731.0 кДж/моль (эВ)
| ||||||||||||||
Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
Тығыздық (қ.ж.) |
10,5 г/см³ | ||||||||||||||
Балқу температурасы |
1235,1 К; 962 °C | ||||||||||||||
Қайнау температурасы |
2485 К; 2162°C | ||||||||||||||
Балқу жылуы |
11,95 кДж/моль | ||||||||||||||
Булану жылуы |
254,1 кДж/моль | ||||||||||||||
Молярлық жылусыйымдылық |
25,36 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
Молярлық көлем | |||||||||||||||
| |||||||||||||||
Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
Тор құрылымы |
текше бетке бағытталған | ||||||||||||||
Тор параметрлері |
4,086 Å | ||||||||||||||
Дебай температурасы |
225 K | ||||||||||||||
Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
Жылуөткізгіштік |
(300 K) 429 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
Юнг модульі |
83 ГПа | ||||||||||||||
Жылжу модульі |
30 ГПа | ||||||||||||||
Пуассон коэффициенті |
0.37 | ||||||||||||||
Моос қаттылығы |
2.5 | ||||||||||||||
Виккерс қаттылығы |
251 МПа | ||||||||||||||
Бринеллий қаттылығы |
206–250 МПа | ||||||||||||||
CAS нөмірі |
7440-22-4 |
Электр тогын, жылуды жақсы өткізеді. К-тің активтігі нашар, коррозияға төзімді, бірақ күкірт, галогендермен тез әрекеттеседі. Қыздырылған концентрлі азот және күкірт қышқылдарында ериді. Ауадағы оттекпен жоғары температурада қыздырғанда да әрекеттеспейді, бірақ құрамында күкіртсутек бар дымқыл ауада оттек арқылы тез тотығып беті қараяды. К. қорғасын-мырышты, мыс, алтын-күмісті кентастардан алынады. Оның басқа металдармен қорытпасы зергерлік бұйымдар жасауда, медицинада К. препараттары (күйдіретін, микробтарды жоятын, т.б.), кино және фотоөнеркәсібінде, химия, электртех. және электрондық өнеркәсіптерінде, т.б. қолданылады. Аg+ иондары суды жақсы тазартады. Қазақстанда К. Бозшакөл, Қоңырат, Ақтоғай, Айдарлы, Бақыршық, т.б. кен орындарында кездеседі.