Күректұмсықты құмдауық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Күректұмсықты құмдауық (лат. Eurynorhynchus pygmeus) — шалшықшылар тұқымдастарына жатады. Ұзындығы 14 см тақау. Тұмсығының ұшы жалпақ, ромб тәрізді күрекке ұқсас. Соның нәтижесінде судағы қоректік жануарларды жеңіл аулайды. ТМД кеңістігінің эндемигі. Чукот түбегі, Анадыр шығанағы және Камчатканың солтүстік шығысында теңіз жағалауларындағы тундраны мекендейді. Ойнақ салған еркектері 10—15 м биіктікке көтеріліп, бір жерде қанат кағып, қалқып тұрып, бозторғайлар сияқты, әсем үнді дыбыс береді. КСРО Қызыл кітабына енгізілген.[1]
Quick Facts Күректұмсықты құмдауық, Амандық күйі ...
Күректұмсықты құмдауық | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
non-breeding
breeding
| ||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Eurynorhynchus pygmeus (Линней, 1758) |
Close