Кәмпит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кәмпит (лат. confectum) — шағын кесек немесе плитка тәріздес тәтті кондитерлік өнім. Кәмпиттер— түрлі-түсті пішінді, дәмі әртүрлі, құрамында 60—75% қанты бар, жұмсақ та, қатты да болып келетін кондитерлік өнім. Кәмпит өндіру технологиясы және сыртқы пішіндеріне қарай екі топқа бөлінеді: глазурьленген және глазурьленбеген. Глазурьлеу үшін шоколад, май, т.б. қолданылады. Иристер, помадалы кәмпиттердің сырты глазурьленбей шығарылады. Кәмпиттер өндіруге қажетті шикізаттар: қант, шырындар, сірне, сүт, жеміс езбелері және т.б. шығын бақтарынан насостардың көмегімен араластырғышқа мөлшерленіп түсіп ара қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының жиынтығы.[1]
Кәмпит массаларының түрлері: помада, жеміс-жидек, марципан, жаңғақ (пралине), сүт, шайқалған, ликер, кілегей, карамель негізіндегі, гриль, тәтті жемістер, кептірілген жемістер, алкогольді жемістер, жидектер.
Кәмпиттердің қабықшаларының түрлері: бір, екі ... (құрама, көп қабатты), карамель негізіндегі, вафельді.
Глазурь түрлері: шоколад, помада, қант, май, сүт шоколады, шоколадты бадам, жеміс желе, карамель массасы