Көркем өнерлер мұражайы (Хьюстон)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Хьюстондағы Көркем өнерлер мұражайы (ағылш. Museum of Fine Arts, Houston, қысқаша MFAH) — АҚШ-тың ең ірі көркем өнер мұражайларының бірі және Техастағы ең ірі мұражай. Тұрақты мұражай топтамасы алтымыңжылдық тарихы бар 63 мыңнан астам экспонатты[1] қамтиды.
Хьюстондағы көркем өнерлер мұражайы Museum of Fine Arts, Houston | |
---|---|
Құрылған уақыты | 1900 |
Орналасқан жері | Хьюстон (АҚШ) |
http://www.mfah.org/ | |
Ортаққордағы санаты: Хьюстондағы көркем өнерлер мұражайы |
Мұражайдың негізгі топтамалары негізінен екі көршілес құрылыста орналасқан (жерасты өтпе жолмен біріктірген)[2] — Одри Джонс Бек (ағылш. The Audrey Jones Beck Building) және Кэролайн Висс Лоу (ағылш. 'The Caroline Wiess Law Building') ғимараттарында.
Сонымен қатар, мұражайдың құрамына Лилли және Хью Рой Каллен (ағыл. The Lillie and Hugh Roy Cullen Sculpture Garden) мүсіндер бағы, Өнер мектебі мен Глэсселла (ағылш. Glassell School of Art and Glassell Junior School) бастауыш мектебі, Байю-Бенд бақтары (ағылш. Bayou Bend Collection and Gardens) және Риенци (Rienzi) ғимараты кіреді.