Ле-Аль
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ле-Аль (фр. Les Halles, айтылуы: [le al]) — Париждегі Сена өзенінің оң жақ жағалауындағы 1-ші аймақта орналасқан орам. 1970-ші жылдарының басына дейін бұл жерде Орталық азық-түлік базары орналасқан. Кейін 1972 жылы, оның орнына балаларға арналған ойын алаңдары бар саябақтар мен саяжолдар салынды.
Сонымен қатар төрт қабатты жер асты «Форум-де-Аль» (Le Forum des Halles) коммерция орталығы, тропикалық өсімдіктерге арналған жылыжайы бар бассейн, кинотеатрлар, балалар кітапханасы, музыка мектебі - консерватория.