Лимонад
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лимонад — лимонның немесе басқа жеміс-жидектің дәмі мен хош иісі бар салқындатылған сусын. Лимонадтардың көпшілігі хош иісті лимон эссенциясы мен лимон қышқылына аздаған қант пен болмашы бояғыш (көбінесе сәбіз) қосыла отырып дайындалады; су газдалады. Үйде лимонадты лимон цедрасы, табиғи лимон шырыны, қайнаған су, аздаған зашафран (бояу есебінде) мен қанттан жасалады. Табиғи лимонадтарды тәуліктен асқан мұзда (тоңазытқышта) ұстайды, бірақ газданбайды.[1]