Лимфа тамырлары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лимфа тамырлары (ағылш. lymph vessels, немесе Лимфалық тамырлар, ағылш. lymphatic vessels, кейде лимфатикалар, ағылш. lymphatics) — қантамырлар тәрізді лимфаны өткізетін жұқа жақтаулы тамырлар (түтікшелер). Лимфа жүйесінің бөлігі ретінде лимфа тамырлары Қанайналым жүйесін толықтырады. Лимфа тамырлары эндотелді жасушалардың тіркесі болып, жұқа қабатында тегіс бұлшықеттер бар, және лимфа тамырларын айналасындағы ұлпаға байлап тұратын адвентициясы болады. Лимфа тамырлары Лимфа қылтамырларынан лимфаларды ағызуға жұмыс жасайды, олар негізінен ұлпалардан интерстициальды сұйықтықты сорады деп есептеледі. Лимфа қылтамырлары тамыр жүйесінің қылтамырларына қарағанда біршама үлкен болады.
Лимфа тамырлары | |
---|---|
Ұлпа бойындағы Лимфа тамырлары | |
Көкірек каналы және оң жақ лимфа каналы. | |
Латын тілі | vas lymphaticum |
MeSH | [1] D042601[1] |
Лимфаны лимфа бездеріне жеткізетін лимфа тамырлары - құйма лимфа тамырлары (afferent lymph vessels) деп аталады, ал оны лимфа бездерінен алып шығатын лимфа тамырлары - шығарма лимфа тамырлары (efferent lymph vessels) деп аталады, сол жерден лимфа басқа лимфа бездеріне өтіп, көктамырға оралуы мүмкін, немесе үлкенірек лимфа каналына қосылуы мүмкін. Лимфа каналы лимфаны ағызып бұғанаасты көктамырдың біріне қосады және өстіп оны жалпы қан айналымына қайтарады.
Негізінен, ұлпалардан лимфа бездеріне қарай лимфа ағып шығып, ақыр соңында ол не оң лимфа каналына, не ағзадағы ең үлкен лимфа тамыры болған Кеуде каналына барады. Бұл тамырлар жеке-жеке оң жақ және сол жақ бұғанаасты көктамырға құйады. Лимфа тамырларында қақпақшалар (клапандар) болады.