Луций Сергий Катилина
From Wikipedia, the free encyclopedia
Луций Сергий Катилина (б.з.б. 108-62 жыл шамасы, Пистоя, Солтүстік Этрурия) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері. Кедейленген ақсүйек; Корнелий Сулланың жақтасы. 68 жылы Африка провинциясында претор, 67-66 жылы пропретор болды. Ол жақтан оралғаннан кейін Катилина Л.С. 65,63 жылдардағы консул сайлауына өқ кандидатурасын ұсынды, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Содан сатымен қастандық ұйымдастырды. 63 жылы бұл қастандық ашылып, консул Цицерон оған қатысушылардың бірсыпырасын жазаға тартты. 62 жылы көктемде Пистория маңында Катилина Л.С. әскері талқандалып, өзі қаза тапты.