Марш (теңіз жайылмасы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марш (нем. Marsch) — теңіз жайылмасы; теңіз суы қатты көтерілген кезде пайда болады. Жалпақтығы ондаған км-ге жетеді. Нидерландта, Германияда және басқа аудандарда М-тардың теңіз деңгейінен төмен жатуына байланысты теңіз және өзен суларының тасқындарын бөгейтін дамбалар салынған. М. сонымен қатар Франция, Ұлыбритания, Дания және АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауында да кездеседі.