Миозин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Миозин — бұлшық ет талшықтарының нәруызы; актинмен бұлшық еттің негізгі жиырылғыш элементін - актомиозин түзеді. Жалпы бұлшық еттің 40-60% құрайды. Миозиннің тағы бір маңызды қасиеті - аденозинтрифосфор(АТФ) қышқылын бөледі. Миозиндер - микрофиламенттер жүйесіндегі ақуыздар тұқымдасына жататын цитоскелетті қозғалтқыш болып табылады. Миозиндер ауыр (Н) және жеңіл (L) шынжырлардан тұрады. Н- шынжырында бас және құйрығы болады.[1]