Михаил Иванович Глинка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Михаил Иванович Глинка - (01.06.1804, Новоспасское ауылы, қазіргі Смоленск облысы - 15.02.1857, Берлин) - орыс композиторы, орыс классикалық музыкасының негізін салушысы.
Михаил Иванович Глинка | |
Михаил Иванович Глинка, 1856 жыл | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Новоспасское с-сы, Смоленск облысы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы |
Ресей |
Ұлты |
орыс |
Қызметі |
композитор, орыс классикалық музыкасының негізін салушысы |
Әкесі |
Ивана Николаевича Глинка |
Жұбайы |
Марья Петровна Иванова |
Помещик отбасында туған, балалық шағын Новоспасское ауылында әкесінің алпауыт қожалығында өткізді. Болашақ композитор жасынан халық музыкасынан сусындайды, шаруалардың жүрек тебіренткен мұңды әндері мен әкесінің туысы А.А.Глинканы басыбайлы шаруалардан құраған меншікті оркестрі орындаған музыкалық шығамалары Глинкаға зор әсер етті. Ол 10-11 жасында фортепьяно мен скрипка ойнай бастады. 14 жастағы Глинканы әкесі Петербург Басты пед.училищесінің жанындағы Благородный Пансионына оқуға берді.(1818 жыл).
Пансионды бітірген соң Глинка Кавказға сапар шегеді, жергілікті халық музыкасымен танысады.
1830 жылы шетелге аттанған композитор Италияда үш жылдай болып, музыкалық білімін толықтыра түсті. В.Беллини, Г.Доницетти сияқты атақты композиторлармен кездеседі. Қайту сапарында Вена арқылы Германияда болып, Берлинде белгілі музыкалық теоретигі З.Деннен сабақ алады. Бірақ Глинка шетелдік сапарына сын көзімен қарап, орыстық ұлттық операсын тудыруды армандайды.
1812 жылғы Отан соғысы, ілгерішіл қоғамдық қозғалыс және орыс мәдениеті Глинканың шығармашылығынан жан-жақты көрініс тапты. Композитор шығармаларында халық музыкасының әсемдігі мен профессионалдық шеберліктің аса жоғары жетістіктері ғажайып үндестікпен ұштасты.
Глинка шығармашылығы орыстың ұлттық музыкалық стилінің есеюіне себепші болды.
"Иван Сусанин" операсында халықтық патриотизм идеясы шешім тапса, "Руслан и Людмила" операсы халықтың ұлылығына деген сенім мен өмір сұлулығын жыр етеді.
Классикалық орыс операсын тудырған Глинка ұлттық симфонизмге негіз болған тамаша шығармалар жазып ( "Камаринская", т.б.), орыс вокалдық лирикасының тарихында жаңа дәуірдің бетін ашты.
Глинканың "Испан увертюрасы" дүние жүзінде симфониялық оркестрге музыкалық фольклорды өңдеудің бастамасы болды. Композитор өзінің шығармашылғында украин, поляк, фин, итальян, сондай-ақ шығыс халықтарының образдары мен әуендерін шеберлікпен бейнеледі.