Нацизм
Үшінші рейхтің ресми саяси идеологиясы (1933—1945) / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ұлтшылдық-социализм (нем. Nationalsozialismus), көбінесе нацизм[1] атауымен танымал — неміс тоталитарлық[2], экстремистік[3], радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология[4] және 1919—1945 жылдардағы қозғалыс, фашизмнің ерекше формасы[5][3][6]. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін, нәсілдік антисемитизмді («семиттік нәсіл» — еврейлер — гитлер Германиясында антипод, және де неміс халқының ең басты жауы болып саналған), славянофобтық, «арийстік» (неміс халқының) социализмдік, антикоммунизмдық, анти-либералдық және антидемократиялық идеологиясы болады. Ұлтшыл-социалистік неміс жұмысшы партиясы идеологиясы (нем. NSDAP), 1933—1945 жылдары Германияның (Үшінші рейх) ресми идеологиясы болды.
Ұлтшылдық-социализм өзінің басты мақсаты ретінде неміс халқы әл-ауқатты өмір сүру үшін, кең аймақта «нәсілдік таза», «арийстік», ұзақ уақыт бойы өмір сүре алатын («мыңжылдық рейх»[7]) мемлекетті құруды қойды.