Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы (Алматы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Нұрсұлтан Назарбаев — Алматы қаласында орналасқан даңғыл.
Көше Жетісу, Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, таулы қыраттағы Қажымұқан көшесіне дейін созылып жатыр. Төле би, Тимирязев Мәметов, Молдағұлов, Мақатаев, Қазыбек би, Бөгенбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Қүрманғазы, Сәтбаев атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атауы – Лепсі (Лепсинская) көшесі. Көшенің ұзындығы – 6050 метр.
Көше бойында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимараты, Алматы қаласы Әкімдігі, «Универсам», «Алтын» «Гаухар», «Мұхит», «Рамстор» сауда орталықтары орналасқан.[1]