Орда-базар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Орда-базар — XIII–XV ғасырларда Қазақстанда болған түркі-моңғол ұлыстары билеушілері ордасының атауы. Кейбір деректерде Алтын Орданың алғашқы ханы Батудың ордасы деп аталады. Ә.Марғұланның пікірінше, Орталық Қазақстандағы Қаракеңгір өзені бойында орналасқан. XV ғасырдың 1-жартысында Әбілхайыр хандығындағы ноғай беглербегі Уақас, өзінің билеушісі үшін “екі рет Сайын ханның (Бату) тағын басып алады”. Осыдан кейін Әбілхайыр хан өз астанасын Тура (Уимчи-Тура) қаласынан Орда-Базарға көшіреді. Осында Әбілхайырдың саясаты насихатталып, оның атынан теңге шығарылады. Осы кезеңдегі Орда-Базар жайында Масуд бин Осман Кухистани өзінің “Тарихи-и Абулхайр-хани” атты шығармасында “киелі орда, Дешті Қыпшақтың астанасы” деп жазады. XX ғасырдың 90-жылдарынан бастап археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде.[1]
Орда-базар | |
Мемлекет | |
---|---|
Қазіргі жері | |
Қалануы |
~1224 ж. |
Орналасуы |
48°09′19″ с. е. 67°49′03″ ш. б.48.15528° с. е. 67.81750° ш. б. / 48.15528; 67.81750 (G) (O) (Я) (T) |
Орда-базар ақша сарайының қызметін атқарған. Қазба жұмыстары кезінде қалашық орнынан мыстан, қоладан жасалған монеталар көптеп табылған.[2]