Отто Генрих Варбург
From Wikipedia, the free encyclopedia
Отто Генрих Варбург (нем. Otto Heinrich Warburg; 8 қазан 1883, Фрайбург, Баден — 1 тамыз 1970, Батыс Берлин) — неміс биохимигі және физиологы, Лондондағы Корольдық қоғамның мүшесі, Нобель сыйлығының иегері, ХХ ғасырдың цитология саласындағы көрнекті ғалымы, Эмил Фишердің шәкірті. Берлинде және Гейдельбергте оқыған.
Отто Генрих Варбург | |
нем. Otto Heinrich Warburg | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Фрейбург, Баден |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Батыс Берлин |
Азаматтығы |
Герман империясы, Веймар республикасы, Үшінші рейх, ГФР |
Ғылыми аясы | |
Ғылыми жетекші | |
Марапаттары |
|
1906 ж. химиядан, 1911 ж. медицинадан докторлық диссертация қорғаған. 1930 жылдан Берлинде клетка физиологиясы институтын басқарды. Тірі жасушадағы тотығу-тотықсыздану процестері туралы келелі еңбектер жазған. Тыныс алу ферменттерінің табиғаты мен қызметін ашқаны үшін 1931 ж. физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығы берілген. Отто ойлап тапқан бірнеше аспап-құралдар химиялық және физиологиялық зерттеу жұмыстарында қолданылып жүр. Оның бірнеше еңбектері ісік жасушаларындағы зат алмасуын, фотосинтез мәселелерін зерттеуге арналған[1].