Оғыздар әлеуметтік (қоғамдық) құрылымы, атаулары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оғыз – (байырғы түрк тілінде – оғыз-оғуз;) – ерте орта ғасырларда Орталық Азияда Қытайға таяу шекаралас аймақта өмір сүрген түрк тілді тайпалар. Оғыз атауын зерттеушілер алғашқыда «тайпа», «тайпалар бірлестігі» деген ұғымды білдірген деген пікірде болды. Бұл атаудағы «оқ» деген терминдік атау ерекше назар аудартады, ол «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Сондықтан түрк тілінің грамматикалық құрылымына сәйкес, "Оқ" пен -"ыз" жалғауы қосылып, түрік халықтарының тіліндегі қосарланатын "бет- Меңіз, екі ерніміз - Ауыз, сол сияқты екі көру жанарымыз - "Көз" сияқты, яғни "Бұз-оқ" пен "Үш оқ", екі оқ - халқына атау болып құралған есім болып шыққан. Әлеуметтік құрылымы бойынша да осы екі бөлініс басты қағида болып қалыптасқан. Рулық бөлініс бойынша бой, сой және оба деп кіші аталықтарға бөлінген. Бұл айтылған деректер ғылым айналымға кейіннен "Насаб-наме" қазақстандық Қожалар шежіресінде де көрініс тапқан. Бұл атаудағы «оқ» деген терминдік атау ерекше назар аудартады, ерте орта ғасырларда "оқ", «жебе», «ру», «тайпа» деген ұғымдарды білдірген. Оғыздар жайлы деректер қытай, түрк бітік және араб-парсы, славян жылнама жазба ескерткіштерінде, шежіреде, жыр, аңыз-әңгіме үлгілерінде ғұз, оғыз деген атаумен ерте орта ғасырлардан танылған. Кезінде Оғыз атауының ұлыстық, тайпалық этнонимге айналуын тегі түрік халықтарға ортақ «Оғызнама» жырындағы басты кейіпкер Оғыз қаған есімімен де байланыстырылды. Аталған жырда Оғыз қаған барша түркі ру-тайпаларының арғы атасы етіп көрсетіледі. Уақыт өте келе оның есімі этностық атау мағынасына айналған. Оғыздар 4 ғасырдың өзінде прототүрк тайпалары құрамында, 6-7 ғасырда Түрік қағандығы нақты оғыз және тоғыз-оғыз одағы пайда болды. Орхон руна жазуында Шығыс Түрік қағандығы (6 – 8 ғасырлар) құрамына кірген Оғыз тайпалары оңтүстік Сібір мен Шығыс Моңғолияны мекендегендігі айтылады. Н.Я. Бичурин өзінің «Ерте кездегі уақыттарда Орта Азияны қоныстанған халықтар жөніндегі мәліметтер» жинағында «Шығыс Түрік қағандығы кезінде Ашина ұрпағының «түрік» атымен (қайта аталып) оғыз-түрік тайпа одағының әкімшілік бірлігі болды» деп жазады. Түрік бітіктерінде оғыз қағандарының, оның ішінде Бәз қағанның да есімі нақты аталып көрсетілген. Оғыздар шамамен 8 ғасырдың орта шеніне қарай ұйыса түскенімен, Түргештер мен Қарлұқтардан қысым көріп Ертіс бойынан, Жетісу жері одан әрі Алатау, Қаратау сілемдерімен 9 - 11 ғасырларда Сырдарияның ортаңғы және төменгі ағысына, 11-12 ғасырларға қарай Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Үстіртке қарай жылжыған. 9 – 10 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Қызылорда облысы аумағында Оғыздар этносы бірте-бірте қалыптасып орнықты. Оғыздардың этностық құрамына Сырдария алабы мен Арал-Каспий далаларын мекендеген байырғы ру-тайпалар (апасиак, қаңғар, сармат) мен Жетісу, Сібірдің көшпелі және жартылай көшпелі туыстас рулары мен тайпаларынан еді. Оғыздар тайпаларға, тайпалар руларға бөлінді. Махмұт Қашқаридың (11 ғасыр) деректерінде оғыздардың алғашқы 24 тайпадан құралғаны айтады. Олар: қынық, қайығ, баяндур, йуа-йыуа, салыр, афшар, бектілі, бугдуз, баят, йаз-ғыр, эймур, қарабөлук, алқабөлук, игдір, урәгур-йурәгір, тутырқа, улайундлуғ, тугәр-тігер, бажанақ, чувулдар, чәбич, чаруқлуғ. Жетекші руы – қынық. Оғыздар бұзоқ (буз-ок), үшоқ (уч-ок) болып екіге бөлінеді. Осы топтардың әрқайсысы шежіре бойынша теңдей екі топқа бөлінген 24 тайпадан құралған. 9 ғасырдың соңы мен 10 ғасырдың ортасында Арал теңізі, Каспий теңізі және Сырдарияның төменгі алқаптарында Оғыз жабғуларының (йабғу) мемлекеті құрылды. Мемлекет орталығы алғашында Янгикент (Жаңакент) қаласы болды. Махмұт Қашқаримен қатар сол тұстағы араб барлаушылары болған, саяхатшы-тыңшылардың жазба деректерінде оғыздардың Екіөгіз (Екіоғыз, Эквиус- Жетісу жерінде), Сабран (Сауран), Сіткун (Сүткент), Суғнақ (Сығанақ), Қарнақ, Хора-Жуара, Жент, Дарку тәрізді т.б. қалалары болғандығын айтылады. 11 ғасырдың ортасында солтүстік-шығыстан келген қыпшақтар оғыздарды тықсырды. Оғыздардың бір бөлігі батыс және оңтүстік бағытта көршілес мемлекеттер аумағына қоныстады, Селжуктер басқарған бір бөлігі алдыңғы Азия елдерін жаулап ала бастады. Оғыздардың солтүстік-батыс бөлігі Еділдің төменгі бойындағы татар, оңтүстік Оралда башқұрлармен сіңісіп кетті. Сырдария жағалауының орта және төменгі ағысын, Арал маңы мен Солтүстік Каспий маңын мекендеген Оғыз тайпалары қазақ тарихында Қорқыт заманымен қатар, Сыр бойының жыраулық өнерінде ерекше мақамға ие, қайталанбас төл тума мәдениетімізде айтарлықтай із қалдырды.