Оқатар қару
From Wikipedia, the free encyclopedia
Оқатар қару — ұңғы каналынан снаряд (мина, оқ) атып шығару үшін дәрілі заряд немесе арнайы жанармай қоспасы жанғанда пайда болатын газ қысымының күші қолданылатын қару. Оқатар қару құрамына тікелей зақымдау құралдары (снаряд, мина, оқ) Және оларды нысанаға ату құралдары (зеңбірек, минаатар, пулемет, винтовка және т.б.) кіреді. Қазіргі заманғы оқатар қару артиллериялық және атыс қаруы, сондай-ақ, гранатааткыш болып бөлінеді.[1]