Портал:Талдықорған
From Wikipedia, the free encyclopedia
Үлгі:Index box
| |||||
---|---|---|---|---|---|
|
| ||
---|---|---|
Жетісу – тарихи-географиялық аймақ. Солтүстікте Балқаш, солтүстік-шығысында Сасықкөл мен Алакөл, шығыста Жетісу (Жоңғар) Алатауы, оңтүстік және оңтүстік-батысында Солтүстік Тянь-Шань жоталарымен шектеседі. Тарихи деректер мен зерттеулерде Жетісу атын құрайтын 7 өзен туралы түрліше пікір бар. А.К. Гейнс бұлардың қатарына Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. В.В. Бартольдтың айтуынша, алғашқыда жергілікті халық Жетісу деп Іледен солтүстікке қарай созылған аймақты атаған, оған Лепсі, Басқан, Ақсу, Бүйен, Қызылағаш, Қаратал, Көксу өзендері енген. Ал Жетісу Іленің оңтүстігіне қарай созылған таулы аймақ деген ұғым 19 ғ-да тарап, сондай-ақ, оған Тянь-Шаньнің солтүстік-батыс және орталық аудандары да қосылатын болған. Тарихи әдебиетте Жетісу ұғымына Шу алабы мен Нарын өзенінің жоғарғы ағысын қамтитын атырап та кірген. Археологтар, тарихшылар мен географтар Жетісуды Солтүстік-шығыс Жетісу (солтүстікте Балқаштан Кетпен және оңтүстікте Іле Алатауы жоталарына дейін, солтүстік-шығыста Алакөлден оңтүстік-батыста Шу-Іле су айрығына дейінгі жерлер) және Оңтүстік-батыс Жетісу (Шу және Талас алқабы) деп екіге бөледі. Жетісуға мұндай тарихи-географиялық анықтама бере отырып, олар бұл өлкенің тек табиғи жағдайларын ғана емес, сонымен қатар оның өткендегі экономикалық, саяси, этникалық және мәдени даму ерекшеліктерін де еске алады. |
| ||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Үмбетов, Серік Әбікенұлы — ҚР Парламент мәжілісінің депутаты. 1950 жылы 19 маусымда Алматы облысы Жамбыл ауданы Прудки ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Үмбетов Әбіке, марқұм, зоотехник болып жұмыс істеген. Анасы - Үмбетова Көкен, зейнеткер. Алматы зооветеринарлық институтын бітірген (1983), зооветеринар. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1974 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың бригадирі, фөрма басқарушысы, бас зоотехнигі, партия комитетінің хатшысы. 1985 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы «Желтөраңгі» кеңшарының дирөкторы. 1988 жылдан - Алматы облысы Кеген ауданы ААӨБ төрағасы. 1989 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы Т. Бокин атындағы кеңшардың директоры. 1992 жылдан - Алматы облысы Күрті ауданы әкімшілігінің басшысы. 1994 жылдан - Алматы облысы әкімінің орынбасары. 1996 жылдан - Алматы облысының әкімі. 1997 жылдан - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1999 жылдан - Жамбыл облысының әкімі. 2004 жылдан - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі. 2005 жылдан бері - Алматы облысының әкімі. «Парасат» орденімен марапатталған (2002). Әскери атағы - отставкадағы полковник. Хоббиі - салт атпен жүру, аңшылық. Үйленген. Жұбай ы — Үмбетова Ермөккүл (1955 ж.т.). Қыздары - Құралай (1973 ж.т.), Нәдира (1980 ж. т.), Әлия (1981 ж.т.); ұлы - Дәурен (1975 ж.т.). |
| ||
---|---|---|
| ||
---|---|---|
Көмектесуді ұйғарсаңыз? Сізге мұнда → Жоба:Талдықорған |
| |||
---|---|---|---|
|
| ||
---|---|---|