Рене Декарт
From Wikipedia, the free encyclopedia
Рене Декарт (фр. René Descartes, фр. ʁəne dekaʁt, лат. Renatus Cartesius; (1596 – 1650 жж.) — француз ғалымы, философ, математик, физик және физиолог. Ол қазіргі заманның математика ғылымының дамуына зор үлес қосып, Геометриялық координаттар жүйесін формулаға айналдыруы арқылы "аналитикалық геометрияның атасы" деп аталды.
Рене Декарт | |
фр. René Descartes | |
Рене Декарт | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | |
Туған жері |
Лаэ, Турень, Франция патшалығы |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Ұлты | |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | |
Мектеп/дәстүр |
Декартшыл философия, Ұлықұрлық рационализмі |
Бағыты |
Еуропа философиясы |
Кезең |
XVIIғ. философиясы - Жаңа дәуір философиясы |
Негізгі қызығушылығы | |
Негізгі пікірі |
"Мен ойлағандықтан бармын" (Cogito ergo sum); метод туралы; Картезиандық күмән - Шегіне жеткізе күдіктену; Декарттық координаттар жүйесі, Декарт дуализмі, Құдай барлығына онтологиялық сипаттама және дәлел беру; Еуропалық жаңа философияның негізгі мәселелері. |
Ықпал еткендер |
Платон, Аристотель, Ансельм, Фома Аквинат, Оккам, Суарез, Мерсенн |
Ықпалды жалғастырушылар |
Спиноза, Арно, Мальбранш, Локк, Лейбниц, Кант, Гуссерль, Сартр, Хайдеггер. |
Қолтаңбасы |
Ол дуализмдік (қоснегізді) идеалистік философия жүйесін жасап, әйгілі "Ойлағандықтан бармын" (ойлау болмысты анықтайтын бірегей негіз) нақылын тұжырымдады. Ол толық ақиқатқа жету үшін "бәрінен күдіктену" сынды Картезиандық күмән әдіснамасын жасап, қазіргі заманғы батыс философиясының рационализм бағытының көшбасшысы болды.