Риолит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Риолит(грекше rhyax — ағын, лава және lіthos — тас), липарит — кремнеземге бай (68 – 71% SіO2) кайнозой типті эффузиялық тау жынысы. [1]
- Тығыз, сирек кеуекті түйірлері кварцтан, сілтілі дала шпаттарынан, плагиоклаздан, кейде биотит пен пироксеннен тұрады. Кристалданған Риолиттің түсі қызғылт, ақ, сұр немесе сарғыш ақ, порфирленген Р-тің түсі қызыл, сары, қоңырқай болады.
- Риолиттер Na2O + K2O мөлшеріне қарай аз сілтілі (<7%), қалыпты (7 — 8%), жоғары сілтілі (>8%) болып бөлінеді.
- Тығыздығы 2,14 — 2,59 г/см3, үгілуге қарсылығы 130 — 180 МПа. Риолит дүниежүзінің жанартаулы аймақтарында кездеседі, магмалық тау жыныстарының құрамдас бөлігі болып есептеледі.
- Оны қиыршық тастар өндіруде, құрылыста қаптама тастар ретінде қолданады.
- Синонимі: липарит.[2]