Саясаткер
саясатпен айналысатын адам / From Wikipedia, the free encyclopedia
Саясаткер — өз қызметінде нақты саяси идеологияны басшылыққа ала отырып және нақты саяси жағдай қажеттіліктеріне сай шешімдер қабылдайтын, кәсіби саясатпен айналысушы адам. Саясаткердің интеллектуалдық әлеуеті оның қызметінің тиімділігіне ықпал етеді. Саясаткер белгілі идеология өкілі болғандықтан, бір жағынан, оның мақсаттарына сәйкес, екінші жағынан, нақты саяси жағдай қажеттіліктеріне сай өз қызметін жүзеге асыруға тырысады. М.Вебер саясатты кәсіп ретінде қарастыра отырып, саясаткерлерді үш түрге бөледі: "кездейсоқ", "жұмысына қосымша" және "кәсіби". Кәсіби саясаткер - саясат әлеміне жататын, оның кәсіби қызметі саяси шындықты өзгертуге бағытталған мүддеге негізделеді.
Тұрақты даму жағдайындағы саясаткерлер мен саясаттанушылар арасындағы айырмашылық — зерттеуші М.Крозье пікірінше, "ғалымдар — біледі, саясаткерлер — жүзеге асыра алады".