Саяси философия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Саяси философия - саяси теорияның әдіснамалық, жалпы дүниетанымдық және құндылық негіздерін, яғни, саясат әлемін зерттейді. Саяси философия саясаттың рухани өлшемі мәселелерімен айналысады. Саяси философия пәнін үш түрлі топқа бөлуімізге болады: саяси құндылықтар, шынайы саясатты мораль, ірі қоғамдық топтар мүддесі тұрғысынан бағалау; саясаттың терең негіздері, саяси-философиялық білімдер тиімді ізденістерге негізделеді; саясатты танудың құралдары мен тәсілдерін талдау саяси түсініктер мәнін анықтайды.[1]