Саңырауқұлақтар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Саңырауқұлақтар (лат: fungi, жекеше түрі fungus) — зең, ашытқы, қозықұйрық сияқты эукариоттық ағзалардың бір тобы. Жануар қасиеттерін де, өсімдік қасиеттерін де қамтиды, сондықтан бөлек бір патшалық болып табылады. Саңырауқұлақтар - хлорофилсіз дайын органикалық заттармен қоректенетін төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы.
Саңырауқұлақтар | ||||||||||||
Ғылыми топтастырылуы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Домен | ||||||||||||
Патшалық | ||||||||||||
Халықаралық ғылыми атауы | ||||||||||||
Fungi Bartl., 1830 | ||||||||||||
| ||||||||||||
|
Саңырауқұлақтарды өсімдік, бактерия және кейбір простистен айыратын қасиет — хитиннен тұратын жасуша қабырғасы. Олар жануарлар сияқты гетеротрофты, яғни олар тамақты органикалық молекула сіңіру арқылы табады және фотосинтез жасамайды.
Мекенін өсу арқылы ауыстырып, ауа және сумен қозғала алатын спора шығара алады. Экожүйеде редуцент рөлін атқарады, демек өлген ағза мен органикалық қоқыс ыдыратып, ағзалар арасындағы зат айналымын әрі қарай қозғайды.[1] Саңырауқұлақты зерттейтін ғылым микология (ежелгі грекше μύκης — саңырауқұлақ) деп аталады. Бұрын ол ботаниканың бір бөлігі болып саналатын, бірақ қазіргі деректер бойынша, саңырауқұлақ филогенетикалық жағынан өсімдіктен гөрі, жануарға жақын.[2]