Сельва
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сельва, сельвас (порт. selva - орман) — мезгіл-мезгіл су басатын ылғалды экваторлық орманның бразилиялық атауы. Негізінен, Оңтүстік Америкадағы Амазонка өзенінің алабында таралған. Ылғалды және ыстық климат жағдайында сан алуан мәңгі жасыл өсімдік түрлері өседі (пальманың 200-дей түрі, гевея, фикус, бамбук, қауын ағашы, түрлі эпифритте және т.б.). Ағаштарды лианалар шырмап жатқандықтан арасынан өту өте қиын.[1][2]